«Қайрат» сырт алаңда «Қарағанданы» 6:1 есебімен жеңді
Қазақстан футзал чемпионатының тұрақты маусымындағы 43-тур матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турдың орталық кездесулерінің бірінде «Қайрат» сырт алаңда «Қарағанданы» 6:1 есебімен сенімді жеңді. Ал «Аят» «Бәйтеректі» 2:0 есебімен ұтса, «Семей» клубы «Каспийді» 3:0 есебімен жеңді.
Ең нәтижелі матч Шымкентте өтті. «Ақтөбе» жергілікті «Шымкентті» 9:5 есебімен тізе бүктірді. Бұл кездесуде Асхат Күлбаев пен Альберт Ақбалықов төрт-төрттен гол соқты.
Сонымен қатар, «Жетісу» тартысты ойында «Тұлпарды» 6:4 есебімен жеңіп, қарағандылық клубтың плей-оффқа шығу мүмкіндігін қиындата түсті.
Айта кетелік, ал «Астана» мен «Атырау» арасындағы кездесу өтпей қалды. Бұған ойын алаңын жалға алу мәселесі себеп болғаны хабарланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или