1XBET - ставки на спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футзалдан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

7–13 қазан күндері Қазақстан құрамасы Бразилияда өтетін Copa del Mundo халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге біздің командадан бөлек мына құрамалар қатысады:

Бразилия (FIFA рейтингінде 1-орын)

  • Қазақстан (8)
  • Франция (10)
  • Жапония (12)
  • Индонезия (14)
  • Венесуэла (16)

Ұлттық құрамамызды тереземіз тең әрі ойын мәнері әртүрлі мықты құрамаларға қарсы көру расымен де қызық болмақ. Сонымен қатар, бұл турнир біздің команда үшін 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңындағы өте пайдалы дайындық болары анық.

Бұл турнир жайлы түрлі елдердің ақпарат көздері жарыса жазып жатыр. Дегенмен, бір маңызды мәселе бар: дәл осы күндері FIFA-ның ресми күнтізбесінде әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің матчтары белгіленген. Сондықтан ресми растау мен турнир күндеріне қатысты нақты ақпаратты күтетін боламыз.

Қазақстан Чемпиондар лигасының финалын қабылдауы мүмкін

Қазақстан жастары Түркістанда Өзбекстанды жеңді

Қазақстан футзалының жұлдызы «Қайраттан» кетпек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или