1XBET - ставки на спорт

Астаналық команда Бірінші лиганың чемпионы атанды

Астаналық команда Бірінші лиганың чемпионы атанды

Футзалдан Бірінші лиганың кезекті маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші кездесуде Elorda көкшетаулық Elim-ai клубынан 5:1 есебімен басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді. Осы жеңістің арқасында Elorda келесі маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Күміс жүлдегер атанған Elim-ai Премьер-лигада орын алу үшін «Шымкент» немесе «Жетысу» командаларының біріне қарсы өтпелі матчтарда бақ сынайды.

Ал Бірінші лиганың қола жүлдесі Атырау облысының намысын қорғаған MAQAT клубының еншісіне бұйырды.

Бірінші лиганың үздік ойыншылары анықталды:

  • Үздік қақпашы – Қосекен Алтынбек (MAQAT)
  • Үздік қорғаушы – Имран Абдрахманов («Қайрат» U21)
  • Үздік шабуылшы – Батырхан Имашев (Elim-ai)
  • Үздік бапкер – Олжас Сүлейменов (Elorda)
  • Үздік ойыншы – Қуаныш Бегалин (Elorda).


Қазақстан Чемпиондар лигасының финалын қабылдауы мүмкін

Қазақстан жастары Түркістанда Өзбекстанды жеңді

Қазақстан футзалының жұлдызы «Қайраттан» кетпек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или