Сарапшылар америкалық спортшыны аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік файтер деп санайды
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Джон Джонс кәсіби мансабындағы ең ауыр қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық файтер YouTube арналардың біріне берген сұхбатында өзіне ең көп қиындық тудырған үш спортшының есімін атады. Онда бірінші орында швециялық Александр Густафссон тұр.
Екінші орынға Доминик Рейес жайғасса, үздік үштікті Даниэль Кормье түйіндеді. Бұл файтерлердің барлығы әр кезеңде Джон Джонсқа қарсв өте тартысты жекпе-жектер өткізген.
Джон Джонс кәсіби мансабында 2008 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетті. Оның еншісінде 28 жеңіс, бір жеңіліс және нәтижесі есептелмеген бір айқас бар.
Айта кетелік, көп сарапшы америкалық спортшыны аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік файтерлердің бірі деп санайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или