RAF турнирінде Чимаев пен Диллон Дэнис кездеседі
Real American Freestyle (RAF) еркін күрес лигасы 13 маусым күні АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирінің жаңа жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир аясында UFC-дің бұрынғы орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев промоушендегі алғашқы белдесуін америкалық Диллон Дэниске қарсы өткізеді.
Күрес кешіндегі тағы бір басты оқиғалардың бірі — UFC жұлдыздары Арман Царукян мен Тони Фергюсон арасындағы белдесу болмақ. Жеңіл салмақтағы рейтингтің екінші нөмірі Арман Царукян UFC ардагерімен күш сынасады.
Чимаев үшін бұл RAF ұйымындағы алғашқы кездесу болады. Бұған дейін лига басшылығы UFC 328 турнирінде титулын сәтті қорғаған жағдайда файтердің RAF 10 кешіне қатысатынын айтқан еді.
Алайда чемпиондық айқаста Хамзат Чимаев төрешілердің екіұдай шешімімен Шон Стриклендке жол берген болатын.