Қазақстандық файтер салмақ өлшеуден сәтті өтті

Қазақстандық файтер салмақ өлшеуден сәтті өтті

Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы америкалық Калин Уильямспен бірге  жартылай орта салмақ дәрежесінің сайыс алдындағы салмағына сәйкес келді. Екі файтердің де салмағы 77,34 келіні көрсетті.

Жекпе-жек 17 мамыр күні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 276 турнирі аясында ұйымдастырылады. Бұл Николай Веретенников үшін UFC-дегі алтыншы айқас болмақ.

Айта кетелік, қазір қазақстандық файтердің қоржынында екі жеңіс және үш жеңіліс бар. Алдыңғы жекпе-жегінде ол америкалық Нико Прайсты нокаутпен жеңген еді.

Қазақстандық файтер өзбекстандық қарсыласына есе жіберді




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или