Петр Ян досының жеңісіне қуанғанын жасырмады
UFC-дің бұрынғы чемпионы Петр Ян ауыр салмақтағы ONE чемпионы Анатолий Малыхинді жеңіске жеткенімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Петр Ян әлеуметтік желідегі парақшасында «Құттықтаймын, аю!» деп жазып, досының жетістігіне қуанышын білдірді.
Анатолий Малыхин мен Умар Кане арасындағы қарымта кездесу 15 мамыр күні Таиландтың Бангкок қаласында өткен ONE турнирінде ұйымдастырылды. Жекпе-жекте Малыхин төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленді.
Қазір Анатолий Малыхиннің еншісінде аралас жекпе-жекте 15 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ал Умар Кане жеті рет жеңіп, екі мәрте жеңілген.
Айта кетелік, айқастан кейін ресейлік файтер мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или