WBO чемпионына толық қалпына келу үшін уақыт берілмек

WBO чемпионына толық қалпына келу үшін уақыт берілмек

WBO тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы жаңа чемпион Дэниэл Дюбуа келесі жекпе-жегін биыл қараша айында өткізуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен айтты. Оның сөзінше, Фабио Уордлиге қарсы ауыр айқастан кейін екі спортшыға да қалпына келуге уақыт қажет.

Уорреннің мәлімдеуінше, егер реванш өтетін болса, ол тек жыл соңына қарай ұйымдастырылуы мүмкін. Промоутер Дюбуа келесі кездесуін шамамен қараша айында өткізеді деп отыр.

Сонымен қатар Фрэнк Уоррен Фабио Уордлидің келісімшарт бойынша реванш өткізуге құқығы бар екенін растады. Алайда соңғы шешім әлі қабылданбаған.

Промоутердің айтуынша, жекпе-жек екі боксшы үшін де өте ауыр өткен. Сондықтан тараптар алдағы жоспарды кейінірек нақтылайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или