Қазақстан құрамасының қақпашысына шетелдік клубтар қызығушылық танытты

Қазақстан құрамасының қақпашысына шетелдік клубтар қызығушылық танытты

Қазақстан құрамасы мен өскемендік «Торпедо» клубының қақпашысы Владислав Пестов мансабын Еуропа чемпионаттарының бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz #ГоловойОбЛед бағдарламасына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, Pro Hokei Ligasy чемпионатының үздік қақпашыларының бірі саналатын хоккейшіге Дания мен Ұлыбритания клубтары ұсыныс жасаған.

Осы ақпараттан кейін «Торпедоның» жақында жаңа қақпашы Сергей Кудрявцевпен келісімшарт жасауының себебі де түсінікті бола түсті.

Еске салсақ, Владислав Пестов 2024/2025 жылғы маусымда «Өскемен» сапында тұрақты чемпионат пен плей-оффты қоса алғанда 42 матч өткізді. Қақпашы қарсыластар соққыларының 92,9 пайызын қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или