Ислам Махачев өзі үшін қызықты қарсыласты атады

Ислам Махачев өзі үшін қызықты қарсыласты атады

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзі үшін ең қызықты қарсылас кім екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

«UFC маған әлі ештеңе хабарлаған жоқ, бірақ менің Иан Гарримен жекпе-жек өткізетінім туралы көп әңгіме бар. Бірақ бұл жекпе-жек жөнінде ресми тұлғалармен әлі сөйлескен жоқпын.

Оның міндетті үміткер болуы тиіс деп нақты айта алмаймын. Қазір менде үш-төрт үміткер бар сияқты. Ең алдымен Камару Усман, одан кейін Иан Гарри, Майкл Моралес, Карлос Пратес, бесінші Шавкат бар. Солардың ішінен UFC кімді таңдаса, сонымен жекпе-жек өткізуім керек, ал қалған екі жұп өзара кімнің нақты үміткер екенін анықтауы қажет. Қазір Пратес басты назарда сияқты, аты жиі аталып жүр – сондықтан онымен жекпе-жек қызығырақ болар еді», – деді Махачев сұхбатында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или