«Арлан» бапкерлер штабы күшейді: Сергей Бердниковке Алексей Коледаев қосылды

«Арлан» бапкерлер штабы күшейді: Сергей Бердниковке Алексей Коледаев қосылды

Бұрын ЖХЛ клубтарында жұмыс істеген маман Алексей Коледаев Қазақстанға қайта оралды. Ол енді «Арлан» хоккей клубының жаттықтырушылар штабына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Коледаев командада бас бапкер Сергей Бердниковтің көмекшісі қызметін атқарады. Қос маман бұған дейін де бірге жұмыс істеген. (2020-2022 жж) Көкшетаудағы «Арланда» бір штабта қызмет еткен. Сол кезеңде Коледаев қорғаныс шебіне жауап берген.

Айта кетелік, 50 жастағы маман Усть-Каменогорск хоккей мектебінің түлегі. «Арланнан» кейін ол Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы «Молот», «Сокол» және «Буран» клубтарында жаттықтырушы болып еңбек етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или