Оливейра жаңа келісіммен мансабын ұзартты
Бразилиялық жұлдыз Чарльз Оливейра UFC ұйымымен ұзақ мерзімді жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Файтердің жаттықтырушысы Диего Лиманың айтуынша, келісім сегіз жекпе-жекті қамтиды және Оливейраның мансабын бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық спортшының жақын арада мансабын аяқтайды деген қауесетті жоққа шығарды.
«Бұл бар жағынан керемет келісім. Біз Чарльз 40 жасқа толғанға дейін өткізетін жекпе-жектерді жоспарлап қойдық. Сондықтан оны зейнетке кетеді дегендер күте тұрсын!» деді ол.
36 жастағы Оливейра соңғы жекпе-жектерінде тұрақты нәтиже көрсетіп келеді.
Айта кетелік, ол соңғы төрт айқастың үшеуінде жеңіске жетіп, наурыз айында өткен UFC 326 турнирінде Макс Холлоуэйді жеңіп, BMF титулын иеленген еді.
Ташкенттегі OCTAGON 86 турнирінде өзбек файтері қарсыласын нокаутпен жеңді
OCTAGON 86 турнирінде күтпеген сенсация тіркелді
Олимпиада чемпионы Арман Царукянды белдесуге шақырды