Жағажайдағы АО-2026: Волейболдан Қазақстанның үш командасы 1/8 финалға өтті
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан топтық кезең бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала кезең қорытындысы бойынша Қазақстанның үш командасы 1/8 финалға жолдама алды.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад 25 сәуірде Моңғолия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. F тобында қазақстандықтар екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. 1/4 финалға шығу үшін олар Омандық Саид Али Аль Джалабуби мен Зухран Сулайман Аль Хашимиге қарсы ойнайды.
Әйелдер арасында Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова бүгін Филиппин жұбына есе жіберді. Соған қарамастан, H тобында екінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Келесі кезеңде олар филиппиндік Харл Прогелла мен Шанин Пагарамен кездеседі.
Сергей Богату мен Кирилл Гурин барлық матчтарында жеңіске жетіп, H тобының көшбасшысы атанды. Плей-оффтағы алғашқы қарсыластары - ливандық Хади Эль Чабиб пен Джад Аби Карам.
Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы бүгін Филиппин құрамасына жол берді. G тобында үшінші орын алған олар жарысты аяқтады.
Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жағажай Азиадасын жеңіспен бастады