Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы соңғы ойынын өткізді
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы соңғы ойынын Словенияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер екінші кезеңде өз қақпасына қатарынан екі шайба жіберіп алды. Есесіне үшінші кезеңде екі гол соғып, таразы басын теңестірді.
Негізгі кезеңде 2:2 есебімен тең ойнаған қарсыластар овертаймда да жеңімпазды анықтай алмады. Буллитте Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен басым түсті.
Бұған дейін отандастарымыз Швейцарияға 2:3 есебімен жол берген еді. Осылайша, Қазақстан U18 құрамасы Әлем чемпионатының ІА дивизионында екінші орынға тұрақтап, элиталық кезеңге көтеріле алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или