Жағажайдағы АО-2026: Қазақстандық волейболшылардың нәтижелері
Қазақстандық жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Біздің жұп іріктеу кезеңінде H тобында өнер көрсетті. Топтағы соңғы кездесуінде Богату мен Гурин жапониялық Нассим Малки мен Косукэ Фукусимамен ойнады. Алғашқы партия қарсыластардың пайдасына аяқталды - 21:18. Келесі екі кезеңде қазақстандықтар басым түсті (23:21, 15:11).
Осылайша, Сергей Богату мен Кирилл Гурин топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жетті. Бұған дейін олар Лаос, Шри-Ланка және Бангладеш құрамаларын да ұтқан болатын.
Ал тағы бір қазақстандық жұп Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад топтық кезеңдегі үшінші ойында Таиланд құрамасының Банлу Накпрахонг / Поравид Таоато жұбына қарсы ойнады. Кездесу екі партияға созылып, таиландтықтар 2:0 есебімен басым түсті (21:16, 21:12).
25 сәуірде Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад F тобындағы соңғы матчында Моңғолия құрамасымен кездеседі.
Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова Макао құрамасын жеңді