Жағажайдағы Азия ойындары: Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова Макао құрамасын жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасының жағажай волейболшылары Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
24 сәуір күні қазақстандық жұп Макао өкілдері Никола Лам мен Ин У Ианға қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті (21:14, 21:10). Айта кетейік, Рюхова мен Каримова жарыстың алғашқы матчында Моңғолия құрамасын да жеңген болатын.
Ал Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко бұл жолы жеңіліс тапты. Олар Макаоның Иенг О Леонг / Вэн Сам Лоу жұбына 0:2 есебімен есе жіберді (9:21, 14:21).
Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады
Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті