Азия ойындары: Қазақстан екінші матчында жеңіске жетті

Азия ойындары: Қазақстан екінші матчында жеңіске жетті

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп Сергей Богату мен Кирилл Гурин бір күнде екінші кездесуін өткізді. Олар Шри-Ланка өкілдері Тушар Витаранаге мен Додангодаже Гарди Хевавасаманы 2:0 есебімен (21:19, 21:15) жеңді. Еске сала кетейік, бұған дейін Богату мен Гурин Лаос құрамасын да тізе бүктірген еді.

Сондай-ақ, жағажайдағы Азия ойындарын сәтті бастаған тағы бір қазақстандық жұп - Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова. Олар Моңғолия спортшылары Оюнтуя Мунхбаяр мен Хандсурен Гантогтохты 2:0 есебімен (21:7, 21:8) ұтты.

Назым Қызайбай ширек финалға шыға алмады

Әлем кубогы: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или