Швёнтек сенсациялық жеңілістен соң сырын ашты
Польшаның үздік теннисшісі Ига Швёнтек Штутгарттағы турнирде күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалғаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ширек финалда ресейлік Мирра Андрееваға үш сетте есе жіберді.
Матчтан кейін Швёнтек өз ойынында оң өзгерістер болғанын айтқанымен, шешуші сәттерде сенімділік жетіспегенін мойындады. Сондай-ақ жаңа бапкеріне әлі де үйренісу кезеңі жүріп жатқанын жеткізді.
Айта кетелік, бұл жеңістен кейін Мирра Андреева жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Штутгарт турнирі 19 сәуірге дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или