Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде 768-орында) Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF W15 турнирінің екінші айналымында ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы ресейлік Дарья Зелинскаямен (708-орында) кездесіп, қатарынан 4-6, 3-6 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін, жарыстың басында Сағандықова ресейлік Анастасия Ефремованы (1174-орында) 6-4, 6-3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, осы жылдың басында ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсеткен Аружан Сағандықова Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или