Рыбакина Штутгартта канадалық теннисшімен кездеседі
Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің 1/8 финалында канадалық Лейла Энни Фернандес (әлемде 25-ші орында) мен түркиялық Зейнеп Сёнмез (WTA рейтингінде 79-шы орында) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Фернандестің пайдасына аяқталды – 6:7, 6:1, 7:6.
Ширек финалда канадалық теннисші Қазақстанның ең үздік теннисшісі және әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Бұған дейін қазақстандық теннисші 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдерді (19-шы орында) екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Биылғы турнирдің жүлде қоры 1 049 083 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 161 310 еуро және 500 рейтингтік ұпай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или