Таеквондодан жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан қоржыны бір қоламен толықты

Таеквондодан жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан қоржыны бір қоламен толықты

Ташкент қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Шері жарыстың соңғы күнінде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда Тунис спортшысы Малек Макрониге қарсы өнер көрсетті.

Айта кетейік, алты күнге созылған әлемдік додада Айым Серікбаева чемпион атанса, Ерасыл Ерзат, Ислам Медетбай, Алидар Абдукаримов және Әділет Шері қола жүлдеге ие болды.

Ташкенттегі дүбірлі додаға 119 елден 1000-ға жуық жас спортшы қатысуда.

Жастар арасындағы ӘЧ: Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алды

Каратэден Қазақстан құрамасы Қытайдағы турнирді төрт медальмен аяқтады

Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или