Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды
Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева жастар арасындағы әлем чемпонатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ қызы Ташкент төрінде өтіп жатқан дүниежүзілік доданың финалында мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Айым Серікбаева араға 20 жыл салып Қазақстан қоржынына жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Соңғы рет мұндай биіктікті отандастарымыз 2006 жылы бағындырған болатын. Енді жас спортшының Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атақтарының қатары әлем чемпионы деген титулмен толықты.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады. Қазіргі уақытта ел қоржынында бір алтыннан бөлек, Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай жеңіп алған екі қола жүлде бар.
Каратэден Қазақстан құрамасы Қытайдағы турнирді төрт медальмен аяқтады
Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді