«Жетісу» «Бунедкорды» қапы қалдырды

Бірінші оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық матчында «Жетісу» өзбекстандық «Бунедкордан» айласын асырды.

Бұл туралы талдықорғандық клубтың ресми сайты мәлім етті. «Жетісу» БАӘ-дегі жиын аясында соңғы матчын өткізген. Команда өзбекстандық чемпионаты көшбасшысыларының бірі «Бунедкормен» күш сынасты. 12-минутта өзбек футболшылары ашты, алайда артынша талдықорғандық клуб екі гол соқты. 42-минутта Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді. Ал үзілістен кейін «Жетісудың» жаңа ойыншысы Филипп Рудик өз командасын алға шығарды. Қорытынды есеп – 2:1.

«Жетісу» – «Бунедкор» 2-1 (1-1)

Голдар: Тұрысбек 42 (1:1), Рудик (2:1) – Шомуродов 12 (1:0)

Жетісу: Шабанов (Пасеченко 46), Мамаду, Сағындыков, Джалович, Борис, Әмірсейітов, Моисев (Барзукаев 78), Рудик (Боровский 66), Тұрысбек, Савич (Эменике 54), Боти (Мане 62).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или