«Ақтөбе» шабуылшымен жолын бөлді

«Ақтөбе» шабуылшымен жолын бөлді


«Ақтөбе» клубы шабуылшы Идрис Умаевпен ресми түрде қоштасқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 жастағы футболшы келісімшартының мерзімі аяқталған соң командадан кетті.

Идрис Умаев «Ақтөбе» сапында 2023 жылдың басынан бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында барлық турнирде 65 матч өткізіп, 11 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Қазақстан чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері атанып, ел кубогын жеңіп алды.

Бұған дейін ресейлік футболшыға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Вьетнам клубтарының қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы «Зимбруға» ауысуы мүмкін

«Ұлытау» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или