Ярмоленко Қазақстанға ауысу нұсқасын жоққа шығарды

Ярмоленко Қазақстанға ауысу нұсқасын жоққа шығарды


Киевтің «Динамо» клубы мен Украина құрамасының вингері Андрей Ярмоленко «Ақтөбе» сапына ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бірқатар ақпарат көздерінде тәжірибелі футболшының Қазақстанның бес дүркін чемпионына келуі мүмкін деген әңгіме тараған еді. Алайда украиналық басылым бұл нұсқаның шындыққа жанаспайтынын жазды.

Андрей Ярмоленко мансабын 2025/26 маусымынан кейін аяқтауды жоспарлап отыр. Ол бұл шешімін бұрын да бірнеше рет айтқан. Сондықтан ойыншы үшін Қазақстанға көшу өзекті емес.

Футболшы карьерасын аяқтаған соң «Динамо» клубының құрылымында қызмет атқаруы мүмкін. Қазіргі маусымда 36 жастағы Ярмоленко киевтік команда құрамында барлық турнирде 20 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Астанада қыздарға арналған УЕФА-ның «C» лицензиясына бапкер дайындау курсы басталды

«Жеңіс» грузиялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или