World Boxing: Бекзат Таңатар алғашқы айналымда жергілікті боксшыға есе жіберді

World Boxing: Бекзат Таңатар алғашқы айналымда жергілікті боксшыға есе жіберді

Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Бекзат Таңатар жарыс қожайыны Навин Кумармен рингке шықты. Нәтижесінде үш раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер бірауыздан жеңісті Кумарға берді. Жекпе-жек барысында ол Таңатарды екі рет нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) және Аман Қонысбеков (75 келі) те Үндістандағы Әлем кубогының алғашқы айналымында сүрінген еді.

Енді кешкі бөлімде Нұрзат Оңғаров пен Нұрбек Мурсал шаршы алаңға шығады.

World Boxing: Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

World Boxing: Қазақстандық боксшы ширек финалда сүрінді

Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или