«Барыс» хоккейшісі Дамир Рыспаев бес ойынға жазаланды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Спорттық-тәртіптік комитет 21 қаңтарда болған «Барыс» - «Авангард» ойынының эпизодына қатысты шешім шығарды. 35-ші минутта алаң иелерінің форварды Дамир Рыспаев қонақ команданың қорғаушысы Михал Кемпниге шабуыл жасағаны үшін ойыннан шығарылды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, ұсынылған материалдарды мұқият тексерген СТК Рыспаевқа қатысты ереженің 528-тарауы 1-бөлімі бойынша жазаны өзгеріссіз қалдырды. Осылайша қазақстандық хоккейші ойынның соңына дейін (5 мин + 20 мин) алаңға шығу құқығынан айырылды. Тәртіптік регламенттің 26-бабы 3.7-бөліміне сәйкес Рыспаев үш ойыннан шеттетілді. Ағымдағы маусымда ойын алаңындағы бірқатар ұрыстың тууына себепкер болғандықтан, ол автоматты түрде тағы екі ойыннан шеттетілді. Сөйтіп, «Барыс» форварды бес ойынға қатысу құқығынан айырылды.</p>
<div>
</div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или