Василий Ломаченко Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, сәттілік тіледі

Василий Ломаченко Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, сәттілік тіледі


Аса танымал украин боксшысы Василий Ломаченко қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаттығуына келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында украиналық жұлдызбен түскен суретін жариялап, әсерімен бөлісті:

«Лома жаттығу залына келіп, спаррингімізді көрді және бізге сәттілік тіледі. Келіп кеткеніңізге рақмет — сізді көру керемет болды, чемпион!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, жақында Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіру жекпе-жегі ресми түрде расталды. Кездесу 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді.

Бұған дейін Василий Ломаченко кәсіпқой рингтегі мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или