Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әуесқой бокстан жақында ғана Семейде өткен Қазақстан чемпионатында 55 келіде топ жарған Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокс рингінде жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы Бішкек қаласында өткен кеште жергілікті боксшы Әділет Качкынбековпен кездесті. 6 раундқа жоспарланған айқаста Сәкен төрешілер шешімімен басым түсті. Екі төреші жекпе-жекті 60:53, ал үшіншісі 58:55 есебімен Сәкеннің пайдасына бағалады.


Бұл жеңіс — Сәкеннің кәсіби рингтегі екінші жетістігі. Бұған дейін ол
20 шілдеде Бішкек төрінде өткен алғашқы жекпе-жегінде Филиппин спортшысы Кристиан Леганды бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жарқын дебют жасаған болатын.

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді

Бокстан Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или