Алматыда балалар футболы жөнінде конференция өтеді

Алматыда балалар футболы жөнінде конференция өтеді

26 қаңтар күні сағат 09:30-де Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболының дамуына арналған конференция өтеді.

Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады. Конференцияға Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының басшылары, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшілері, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер лигасының қатысушылары, сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен жеке футбол мектебінің өкілдері қатысады.

Жиында балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері, Қазақстандағы нөмірі бірінші спортты дамыту жолдары қарастырылады. Кездесудің қорытындысы бойынша негізгі сұрақтардың барлығы Қазақстан Республикасында  2016-2026 жылғы дейінгі футболды дамытуға арналған бағдарламаға енгізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или