Шаносов пен Жуманазаровтың айқасы төрешілер шешімімен аяқталды

Шаносов пен Жуманазаровтың айқасы төрешілер шешімімен аяқталды


Ташкентте өтіп жатқан Еуразиялық OCTAGON 75 турнирінде алдын ала кард аясындағы кезекті жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақ файтері Руслан Шаносов пен өзбекстандық Хурматбек Жуманазаров октагонда жолықты. Бірінші раундтың басында Шаносов қарсыласын нокдаунға жібергенімен, шабуылын сәтті жалғастыра алмады.

Екінші раундта бастаманы Жуманазаров өз қолына алды. Ал шешуші раунд тең дәрежеде өтті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс өзбек спортшысына берілді.

Айта кетейік, турнирдің басты айқасында ресейлік Даниял «T-34» Эльбаев пен өзбекстандық Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или