Ойрат Сәдуов: «Матч нәтижесін ұмытып, келесі ойынға дайындалу керек»

Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамасының кездесуінен кейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Ойрат Сәдуов пікір қалдырды.

– Кеш жарық! Мұндай есептен кейін баспасөз мәслихатында пікір білдіру қиын. Алайда, бүгінгі кездесудің нәтижесін ұмытып, келесі ойынға дайындық жүргізу керек. Ресей құрамасымен Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде кездесеміз. Келесі ойынға дайын боламыз деп ойлаймын.

– Бұл соққыдан кейін команданың психологиялық көңіл-күйі қалай болмақ?

– Ірі есеппен ұтылу қиын. Біздің команда енді жасақталды. Көптеген кемшіліктер бар, алайда қозғалыс бар, ой бар.

– Қазақстан футбол федерациясы Латын Америкасына жас футболшыларды тәжірибеден өтуге жібереді. Сіздің командаңызда тәжірибеден өткен футболшылар бар ма?

– Өкінішке қарай, бұл жастағы футболшылар аталған бағдарламаға іліккен жоқ. 1994 жылғы футболшылар барғанын білемін. Ал, қазір 2000 жылғы футболшылар дайындалып жатыр.

– Матч басында сіздің командаңыздың ойыншысы жарақат алды. Жарақаты қаншалықты ауыр?

– Ойынның 8-минутында ойыншы ауыстыруға мәжбүр болдық. Зайнутдиновтің орнына Бақтияров шықты. Дәрігерлер оның тізе жарақаты болуы мүмкін дейді.

– Қалған ойыншыларды ірі есеп тіркелгеннен кейін алаңғы шығардыңыз...

– Команда жаңа екенін айтып өттім. Кейбір ойыншыларға тәжірибе керек. Біз оларды алаңға шығардық. Кем дегенде 20 минут олар командалық ойынды сезіну керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или