The Ring журналисі Елеусіновтың жаңа промоушенге ауысуы туралы пікір білдірді

The Ring порталының журналисі және beIN SPORTS продюсері Райан О’Хара қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (12-0, 7 КО) Дана Уайт пен Турки әл-Аш-Шейх негізін қалаған жаңа TKO Boxing промоушеніне ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
О’Хараның айтуынша, олимпиада чемпионының лигаға шақыруға себеп карьерасындағы ұзақ үзіліс болуы мүмкін:
«Бұл Елеусінов ұзақ уақыт бойы жұдырықтаспағандықтан болды деп ойлаймын. Дана оған мүмкіндік беруге дайын.
Еске салайық, 13 наурызда Елеусінов TKO Boxing-пен келісімшарт жасасқан болатын. Жаңа жоба UFC басшысының жекпе-жек саласындағы тәжірибесі мен Сауд Арабиясының инвестицияларын біріктіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или