Моуринью Англия құрамасын баптауға дайын

Моуринью Англия құрамасын баптауға дайын

«Челси» футбол клубының бұрынғы бас бапкері португалиялық Жозе Моуринью 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатынан соң Англия құрамасын жаттықтыруға дайын екендігін жеткізді.

Англия құрамасының қазіргі таңдағы бапкері Рой Ходжсонмен келісімшарттың ұзартылу-ұзартылмауы оның шәкірттерінің біріншіліктегі нәтижесіне байланысты. Басылымның хабарлауынша, бұл туралы Моуринью өзінің агенті Жорже Мендешке айтқан. Яғни португиялық маманның сөзіне қарағанда, егер ол жазға дейін жұмыссыз жүрсе, Англия құрамасының тізгінін ұстауға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, Моуринью 17 желтоқсанда «Челси» клубының бас бапкерлігі қызметінен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или