39 жастағы қорғаушы ҚПЛ-дағы 200-ші ойынын өткізді

39 жастағы қорғаушы ҚПЛ-дағы 200-ші ойынын өткізді

«Атыраудың» 39 жастағы қорғаушысы Мирам Сапанов «Астанаға» (1:2) қарсы алтыншы тур ойынында Премьер-лигада өзінің 200-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орал футболының өкілі Мирам Сапанов 2004 жылы 5 мамырда «Ақжайық» сапында ҚПЛ-дағы алғашқы ойынын өткізді.

Ал, осы маусымда «Атырау» сапында 3 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. Мерейтойлық кездесуде астаналық Мұхаммеджан Сейсеннің қақпасына гол соқты.

Сапанов Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 200 матч өткізіп, 7 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или