«Ипсвич» АПЛ-мен қоштасты, «Ливерпуль» чемпион атануға бір қадам қалды

«Ипсвич» АПЛ-мен қоштасты, «Ливерпуль» чемпион атануға бір қадам қалды


«Ипсвич Таун» Англия Премьер-лигасында қалу мүмкіндігінен айырылды. Команда 34-турда «Ньюкаслға» 0:3 есебімен жеңіліп, келесі маусымды Чемпионшипте бастайтын болды. Сонымен бірге, төменгі лигаға «Саутгемптон» мен «Лестер» де түседі.

Қазір турнир кестесінің басында 79 ұпай жинаған «Ливерпуль» сенімді түрде көш бастап тұр. Одан кейін 67 ұпаймен «Арсенал», үшінші орында 62 ұпайы бар «Ньюкасл Юнайтед» келеді.

Құлау аймағында «Саутгемптон» (12 ұпай), «Лестер Сити» (18) және «Ипсвич Таун» (21) орналасқан. Айта кетейік, ертең, 27 сәуір күні «Ливерпуль» келесі матчта бір ұпай алса, мерзімінен бұрын чемпион атанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или