«Канело» карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

«Канело» карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес (62-2-2, 39 KO) жасы ұлғайған сайын мықтырақ болып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өзімді бабымда сезініп жүрмін. Егер мені 28, 27 немесе 26 жастағы Канеломен жекпе-жекке шығарсаңыз, мен оны жеңіп кетер едім. Сондықтан өзімді керемет сезінемін.

Мен алдағы төрт жекпе-жекті өткізгім келеді, одан кейін не болатынын көреміз. Қашан да 37 жас – мансабымды аяқтауға лайық жас деп айтатынмын, бірақ нақты шешім әлі жоқ.

Мен бұл туралы көп ойламаймын. Жай ғана өз ісімді жасап жүрмін. Мен әлі де боксты жақсы көремін. 20 жылдық кәсіби мансабыма көз жүгіртсем, ұзақ жол жүргенімді көремін», – деді Альварес.

34 жастағы Канелоның келесі жекпе-жегі 3 мамыр күні Уильям Скаллға қарсы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или