«Астананың» бұрынғы ойыншысы Бундеслигада ойнауы мүмкін

Елордалық «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ренан Брессан мансабын Германия немесе Түркияда жалғастыруы мүмкін.

Бұл туралы Record басылымы мәлім етті. Брессанға түркиялық «Трабзанспор» мен германиялық «Кельн» қызығушылық танытуда.

Белорусь құрамасының ойыншысы бүгінде португалиялық «Риу Аве» клубының намысын қорғап жүр. Ол осы маусымда Португалия чемпионатында 15 матч өткізіп, бес гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, Ренан Брессан былтырғы маусымда «Астананың» жейдесін киген болатын. Дегенмен белорусьтік жартылай қорғаушы біріншілікте алты матчқа қатысып, бір ғана гол соқты. Артынша, Ренан 2014 жылдағы ең сәтсіз трансферлер қатарына қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или