Данияр Елеусінов АҚШ-та жаңа белеске қадам баспақ

Данияр Елеусінов  АҚШ-та жаңа белеске қадам баспақ


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-тағы рингке оралуына байланысты толыққанды дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ол Sports24.KZ сайтына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, елге бейімделуге бір апта уақыт кеткен, енді оқу-жаттығу жиыны басталды.

«Бәрі жақсы өтті — ұшып келдік, қарсы алды. Апта бойы үй, көлік секілді шаруаларды реттедік. Қазір дайындықты бастап жатырмыз», – деді Данияр.

Боксшының АҚШ-қа қоныс аударуы — UFC басшысы Дана Уайт бастаған жаңа жобаға қатысуымен байланысты. Бұл бастама Сауд Арабиясы мен WWE ұйымының қолдауымен іске асып жатыр. Жоба аясында мүлде жаңа рейтинг жүйесі мен әлемдік ұйымдарға тәуелсіз чемпиондық белбеулер енгізіледі деп күтілуде.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, кәсіпқой рингте 12 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Данияр үшін бұл жоба — мансабын қайта жаңғыртуға үлкен мүмкіндік. Жекпе-жек датасы әлі белгіленбегенімен, боксшы дайындықтың басталып кеткенін айтты. Алдағы апталар шешуші болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или