Канело Биволдан кек алғысы келеді

WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтың әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес алдағы уақытта ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл жекпе-жек оның америкалық Терренс Кроуфордпен мүмкін болатын кездесуінен кейін өтуі мүмкін.
«Биволмен реванш мүмкіндігі туады деп үміттенемін. 175 фунтқа дейінгі салмақта мен келісетін жалғыз жекпе-жек – осы. Бірінші кездесуде көп нәрсе түсіндім. Кейбір қателіктерді қайталамау керек екенін ұқтым. Ішкі түйсігім: “Сен одан мықты екеніңді дәлелдеуің керек”, – деп тұр», – деді мексикалық боксшы.
Айта кетейік, 2022 жылдың мамыр айында өткен алғашқы кездесуде Бивол Канелоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или