Танымал блогер әйгілі боксшының ұлымен жұдырықтасады

Танымал блогер әйгілі боксшының ұлымен жұдырықтасады

Танымал блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол кезекті жекпе-жегін 28 маусымда АҚШ-тың Анахайм қаласында өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар Чавес-кіші болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек жайлы ресми түрде DAZN телеарнасы хабарлады.

Еске сала кетейік, Джейк Пол кейінгі жекпе-жегін 2024 жылф қарашада өткізіп, 58 жастағы Майк Тайсонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Ал Чавес-кіші кейінгі рет UFC-дің бұрынғы файтері Юрайя Холлмен кездесіп, алты раундтық жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или