Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес келіссөздерді бастады

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес келіссөздерді бастады

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратпен Х желісінде подкаст жүргізуші Broadway Joel хабарлады. Әлімханұлы да бұл ақпаратпен жеке парақшасында бөлісті. Жәнібектің айтуынша дәл қазіргі сәтте «Top Rank» пен «PBC» өзара келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек 7 шілде күні, Нью-Йоркте өтуі мүмкін.

WBC бұған дейін Адаместі қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтасуға міндеттеген еді. Егер чемпионмен кездесетін болса, онда еркіне қалдырады.

Соңғы рет Жәнібек Астанада француз Анауэль Нгамиссенгені жеңсе, Карлос Адамес Хамза Ширазбен кездесіп, тең түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или