«Астон Вилла» - «Ньюкасл». 19.04.2025. Статистика, болжам
АПЛ-да Чемпиондар лигасының орындары үшін талас қызып тұр. Үш орынға бес үміткер. 19 сәуір күні үздік үштікке ілініп тұрған «Ньюкасл» өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдайды.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Унаи Эмери баптайын «Астон Вилла» Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жетті. Апта ортасында ПСЖ-ға қарсы тартысты матч өткізді. Жартылай финалға шығуға сәл қалды. Еурокубокқа күшін сарп еткен команда АПЛ-дағы жағдайын қиындатып алды. Виллалықтар жетінші орынға жайғасқан. Дегенмен, бесінші орында тұрған «Манчестер Ситиден» бар болғаны бір ұпай ғана қалып тұр. Қоса кетейік, келесі маусымда АПЛ-дан Чемпиондар лигасына бес команда қатысады.
«Астон Вилла» ішкі біріншіліктегі соңғы төрт матчтың барлығында жеңіске жеткен. Тоғыз гол соғып, бір рет қана өз қақпасына доп өткізіп алған.
«Ньюкаслдың» жағдайы жақсы. Эдди Хау шәкірттері бір ай бұрын Лига кубогын жеңіп алды. АПЛ-да үшінші орында тұр. Соңғы бес матчта ұпай жоғалтпады. Апта бұрын өз алаңында «Манчестер Юнайтедті», екі күн бұрын «Кристал Пэласты» тас-талқан етті.
Бірінші айналымдағы матчта «Астон Вилла» сырт алаңда 0:3 есебімен ұтылып қалды. Ол ойында голдарды Энтони Гордон, Александ Исак және Жоэлинтон соқты.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі кездесуге мынадай коэффициенттер ұсынады: «Вилланың» жеңісіне — 2.37, «Ньюкаслдың» жеңісіне — 2.86. Тең нәтижеге - 3.62.
Екі команда нәтижелі ұжымдар қатарынан. Сондықтан екеуі де гол соғады және матчтың тоталы 2,5-тен жоғары деген нұсқа ұтымды көрінеді. Tennisi.kz бұл нәтижеге 1.84 кэф ұсынып отыр.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.