Қазақстандық боксшылар WBC ұйымының гран-при турниріне қатысады

Қазақстандық боксшылар WBC ұйымының гран-при турниріне қатысады


Қазақстандық 5 боксшы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) алғаш рет ұйымдастырып отырған «The Riyadh Season WBC Boxing Grand Prix» турнирінде өнер көрсетеді.

WBC ұйымының хабарлауынша, гран-при жеңіл салмақ, бірінші орта салмақ, орта және ауыр салмақ сынды 4 салмақ категориясы бойынша өтеді. Оған әлемнің 41 елінен келген 128 боксшы қатысады деп жоспарланып отыр. 

Байрақты бәсекеде әр салмақта 16 жекпе-жек өтіп, боксшылар үш минуттан 6 раунд жұдырықтасады. Сондай-ақ,турнирге 26 жасқа дейін кәсіпқой бокстағы рекорды 15 жекпе-жектен аз жастар қатысады.

Айта кетерлігі,қатысушылар тізімі арасында 5 қазақстандық спортшы бар. Олар: Жеңіл салмақ – Александр Ковригин, Жолдас Жеңісов. Бірінші орта салмақ – Нұржан Серікбаев, Санатәлі Төлтаев. Орта салмақ – Елхан Табынбаев.

«The RiyadhSeason WBC Boxing Grand Prix» турнирі Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында 17 сәуір басталып, 20 желтоқсан өз мәресіне жетеді. Алғашқы кезең17-20 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или