«Жібек жолы» халықаралық турнирінде екі қазақстандық қыз алтын алды

Әзірбайжан астанасында бокстан әйелдер арасында өткен «Жібек жолы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жібек жолы» халықаралық турнирінің финалына шыққан үш қыздың екеуі чемпион атанды.
Элина Базарова (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) финалда ресейлік Дарья Пантелееваны сенімді түрде жеңді. Ал Виктория Байдукова (57 келіге дейін) финалда ресейлік Дарья Абрамованы жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) шешуші айқаста Әзірбайжан өкілі Зейнаб Рахимоваға есе жіберді. Осылайша күміс медаль еншіледі.
Қола медаль еншілегендер:
- Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін)
- Элянұр Тұрғанова (50 келіге дейін)
- Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін)
- Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін)
- Азиза Исина (70 келіге дейін)
- Дина Исламбекова (81 келіден жоғары)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или