7–13 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

7–13 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

7–12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты

  • Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Павлодар қаласы.

7–13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы

  • Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
  • Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.

8–13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты

  • Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
  • Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.

8–13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогі

  • Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
  • Өтетін орны: Шымкент қаласы.

8–15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты

  • Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
  • Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.

10–14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты

  • Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Ақтау қаласы.

11–12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогі

  • 15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
  • Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

11–13 сәуір – Синхронды жүзуден Әлем кубогі кезеңі

  • Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
  • Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.

13–17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты

  • Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

13–19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты

  • Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
  • Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.

13–22 сәуір – Стенд атудан Әлем кубогі

  • Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
  • Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.

13–22 сәуір – Нысана көздеуден Әлем кубогі

  • Отандық 14 спортшы сынға түседі.
  • Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или