Грекияда Жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 алауының эстафетасы басталды

Грекияда Жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 алауының эстафетасы басталды

Афинада 2026 жылғы жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасының алауын жағу рәсімі өтті. Олимпиада тарихында алғаш рет Африка құрлығында өтетін дүбірлі дода Дакарда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Салтанатты рәсім атақты «Панатинаикос» стадионында өтті. Олимпиадалық дәстүрге сай, алау күн сәулесінің көмегімен жағылды. Кейін ол Дакарда өтетін Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті өкілдеріне табысталды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Кирсти Ковентри бұл жарыстың Сенегал мен бүкіл Африка құрлығы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Жақын арада Сенегал әлемнің түкпір-түкпірінен жас спортшыларды қабылдайды. Бұл Африка жерінде өтетін алғашқы Олимпиада жарысы. Бұл Сенегал мен бүкіл Африка үшін мақтаныш. Сондай-ақ Олимпиада қозғалысының тарихында жаңа маңызды тарауды ашады», — деді Кирсти Ковентри.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или