Қазақстандық альпинистер Қытайдағы әлем кубогі кезеңіндегі жарысты аяқта

Қазақстандық альпинистер Қытайдағы әлем кубогі кезеңіндегі жарысты аяқта

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық альпинизмнен әлем кубогінің кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшылар «жылдамдық» бағдарламасында сынға түсіп, жекелей және командалық жарыстарға қатысты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Әлихан Татамбай қорғады. Спортшы жарыс қорытындысы бойынша 45-орынға ие болды.

Әйелдер арасында еліміздің атынан Анна Баларшина мен Арина Новицкая өнер көрсетті. Баларшина 37-орын алса, Новицкая 41-сатыға жайғасты.

Командалық жарыстарда да қазақстандықтар бақ сынады. Әйелдер құрамасы эстафетаны 11-орынмен аяқтаса, ұлттық құраманың аралас командасы 14-нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или