Руслан Галиакберов: «Бұйыртса, «Ақтөбеге» ауысамын»

Талдықорғандық «Жетісудың» шабуылшысы Руслан Галиакберов жақын арада «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін.

26-жастағы қазандық «Рубин» футбол мектебінің түлегі биылғы маусымның ортасында талдықорғандық «Жетісуға» жалға берілген болатын. Галиакберов бірден «Ордабасыға» (3:0) қарсы матчында-ақ нәтижелі ойынымен көзге түсті. Артынша, Руслан «Астана»(1:2), «Қайсар»(2:1) мен «Тобылдың»(3:1) қақпасына гол соқты. Осылайша, «Жетісу» соңғы алты матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінің соңғы сатысынан көтеріліп, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Соңғы уақытта Галиакберов «Ақтөбеге» ауысады деген ақпараттар жиі шығуда.

«Диапазон» басылымының тілшісі бұл тұрғыда Руслан Галиакберовпен трансфер жайлы хабарласты:

«Ақтөбе» сияқты команданың намысын қорғау мен үшін үлкен абырой әрі құрмет. Бұйыртса, «Ақтөбеге» ауысамын. Келіссөздер әлі басталған жоқ. Бірақ бәрі тез арада шешіледі деген ойдамын», — деді Галиакберов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или