ҚФФ президенті Атырауда футбол қауымдастығымен кездесті

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жұмыс тобы Атырау қаласына келді.

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов таңертеңнен аймақтағы футбол инфрақұрылымын қарап шықты. Әуежайдан түсе салысымен жұмыс тобы облыс әкімдігінің жетекшілігі және клуб өкілдерімен бірігіп, «Ривьера» стадионын аралады. Бұл жақта балалар және жасөспірімдер футболына қолайлы жағдай жасалған. Жасанды футбол алаңынан бөлек, шағын трибуына, киім ауыстыру бөлмесі, бассейн, сонымен қатар, шағын футбол алаңы бар. ҚФФ преизденті облыс жетекшілігімен әңгімесінде өңірдегі манеж құрылысының маңыздылығын, сонымен қатар, шетелдік мамандарды тарту арқылы футбол академиясын ашу мүмкіндігін жөнінде атап өтті.

«Атырау» футбол клубы ойнайтын «Мұнайшы» стадионын аралаған федерация басшысы Қазақстан бойынша стадиондарды клубтың иелігіне беру қажет екенін тоқталды. Бұл өз кезегінде облыстағы футболды жекешелендіруді күшейтіп, футбол маркетингінің дамуына көмектеседі.

Сонымен қатар, Ерлан Қожағапанов «Судоремонтник» стадионын аралап, «Атырау» футбол клубының негізгі құрамының тұрмыстық жағдайымен танысты. Стадионның қайта жөндеу жоспарын да қарап шықты.

Футбол инфрақұрылымымен танысқаннан кейін, Қазақстан футбол федерациясының президенті футбол қауымдастығымен кездесуге бағыт алды.

«Бүгінгі таңда Атырау облысында 25 мыңнан астам бала футболмен айналысады. Бұл Республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі, - деді ҚФФ президенті – Біз таңертеңнен бастап облыс және клуб жетекшілігмен бірігіп, қаланың инфрақұрылымын қарап шықтық. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Атырау қаласында ортақ қаржыландыру шарты бойынша футбол академиясын салуды ұсынды. Біз Батыс Қазақстан аймағы бойынша Ақтөбеде салынады деп жарияладық. Алайда, әкім орынбасарының идеясы маған ұнап тұр. Бұл аймақтағы италиялық компаниялардың өкілдіктері көп екенін ескерсек, академияны құру идеясын жүзеге асыруда осы елдің мамандарын тарту мүмкіндігі бар»

Сондай-ақ, балалар және жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымды дамытудың өзге де өзекті тақырыптары қозғалды.

ҚФФ-ның ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или